Декларациясыз нысан қабылданбайды
Енді құрылыс нысанында Сәйкестік туралы декларация болмаса, объект пайдалануға қабылданды деп есептелмейді. Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты осы салаға қатысушылардың жауапкершілігі де күшейтіледі. Сәйкестік туралы декларация нысанның қауіпсіз пайдалануға дайын екенін және белгіленген талаптарға сай келетінін растайды. Оның ішінде ғимараттағы пандустар, санитариялық тораптар, лифтілер, тактильді көрсеткіштер және басқа да қолжетімді орта элементтерінің қарастырылуы талап етіледі. Яғни ғимарат тек құрылыс нормаларына сәйкес салынып қана қоймай, мүгедектігі бар адамдар үшін де қолжетімді әрі қауіпсіз болуы қажет.