Негізгі Жаңалықтар Жастар күніндегі думанды кеш

Жастар күніндегі думанды кеш

Бейнеу ауданында Жастар күніне арналған гала концерт өтті. Ашық аспан астындағы думанды кеште аудан өнерпаздары мен жас орындаушылар сахна төрінде ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кешке аудан тұрғындары мен жастар көптеп жиналып, арнайы әзірленген концерттік бағдарламаны тамашалады. Концерт барысында Бейнеуден шығып, жетістікке жеткен жастардың аты аталып, көпшілікке таныстырылды. Аудан тұрғындары мен жастар концертті тамашалап қана қоймай, түрлі ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Көңілді сайыстар мен ойындар кештің шырайын кіргізіп,  мерекелік шара соңы әсем отшашуға ұласты. Көрермендер бой сергітіп, қуанышты күйде тарқасты. Аудан жастары мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдауды жоғары бағалайды.

Бөлісу