"Жаңа Қазақстанның тірегі - жалынды жастар". Осындай атаумен Ақтауда жастар форумы өтті.  Басқосуға қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов, философия ғылымдарының докторы Кеңшілік Тышқанұлы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Яғни, форумда жастар тақырыбы кеңінен айтылды.