Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды кездесулер өткізді
Маңғыстау облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды кезең аясында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және түрлі сала өкілдерімен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік сала, еңбек қатынастары, инфрақұрылым және тұрғындарды толғандырған өзге де мәселелер талқыланды.
«Әділет» партиясының өкілдері «ӨзенЭнергоНефть» ЖШС, Ақтау қалалық №1 емханасы, «Halyk Arena», Ш.Бөлтірікұлы атындағы Маңғыстау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымдарымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдері және партия ардагерлерімен пікір алмасты. Кездесулерде әлеуметтік-экономикалық даму, еңбек қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты және тұрғындардың өзекті мәселелері қаралды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының облыстық филиалы шағын аудандарда тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесулер кезінде ақпараттық материалдар таратылып, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Тұрғындар өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, партия өкілдерімен пікір алмасты.
«Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалы Ақтау қаласындағы Облыстық қан орталығының ұжымымен кездесті. Іс-шара барысында партияның сайлауалды ұстанымдары мен алдағы мақсат-міндеттері таныстырылды. Медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
«Қазақстан Халық Партиясының» облыстық филиалы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік салаға қатысты мәселелер талқыланды. Ұжым мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
«Ауыл» партиясының өңірлік сайлауалды штабы «Әділ сүт зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Партия өкілдері бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Әңгіме барысында ауыл шаруашылығы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер қозғалды.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының облыстық филиалы Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді медициналық ұйымның ұжымымен пікір алмасты. Кездесуде партияның саяси бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды. Медицина мамандары медициналық қызмет сапасы, кадр тапшылығы, еңбек жағдайы, инфрақұрылым және медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты мәселелерді көтерді.
Respublica партиясының облыстық филиалы «Жалғызтөбемұнай» ұжымымен және Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерде білім беру, инклюзия, ауыз су, электр энергиясы, жол және инфрақұрылым мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тұрғындардың әлеуметтік жағдайға қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Осылайша, сайлауалды кезеңде өңірдегі саяси партиялардың филиалдары әртүрлі еңбек ұжымдары мен елді мекендер тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өздерінің бағдарламалық бағыттарын таныстырды. Кездесулердің күн тәртібінде әлеуметтік-экономикалық даму, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, экология, инфрақұрылым және басқа да қоғамдық маңызы бар мәселелер қамтылды.