С. Керелбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Ақтауда мемлекет және қоғам қайраткері Сақып Керелбаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Тағылымды шара қайраткердің өзі тұрған үйде ұйымдастырылып, оның ұшан теңіз еңбегімен есімі ұлықталды. Ашылу рәсіміне Сақып Керелбаевтың жақындары, туған-туыстары, достары мен әріптестері, сондай-ақ замандастары қатысты. Қоғам қайраткерінің ел дамуына қосқан үлесі, азаматтық ұстанымы мен өнегелі жолы еске алынды.