"Бір ауыл - бір өнім" пилоттық жобасы нәтиже бере бастады. Осыдан 6 ай бұрын Қарақия ауданында басталған жобада қазір 12 адам мігірсіз еңбек етіп жатыр. Олар қой, түйе жүнінен түрлі бұйымдар, кәде сыйлар жасап, сатып отыр. Ауыл әйелдерінің әзірлеген өнімдері әсіресе, туристер арасында жоғары сұранысқа ие.