Ақтаудағы әскери-теңіз базасының оқу-жаттығу орталығында Қазақстанның қарулы күштері қатарына шақырылған матростардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Биыл күзде әскер қатарына шақырылған жастар Отанға адал болуға, мемлекеттік шекараны кірпік қақпай күзетуге салтанатты түрде ант берді.