Ел азаматтары 3 наурыздан бастап өзін банкрот деп жариялау үшін өтініш бере алады. Желтоқсанның 30-ында қол қойылған құжат 60 күннен кейін күшіне енеді. Заң азаматтардың қарыз жүктемесін азайту, қалыпты экономикалық қызметке оралу және әлеуметтік шиеленісті азайту мақсатында жасақталған.