31 "б" шағынауданының тұрғындары коммуналдық төлемдердің қымбаттап кеткеніне наразы. Яғни, жыл басынан бастап жылуға төленетін тариф бағасы 128 теңге болып  бекітілген. Ал, былтыр тұрғындар жылу бағасына 86 теңге төлеп келген болатын. Әбден ашуға мінген тұрғындар редакциямызға хабарласып, шағымдарын жеткізді.