Жаңаөзенде “Жас сақшы” кабинеті ашылды
Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жас сақшы» кабинеті ашылды. Жаңа кабинет құқық қорғау саласының ардагері, 35 жыл бойы осы салада қызмет атқарған Алмас Темірәлиев Сапаұлының атына берілді. Салтанатты шараға қала әкімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Дәл қазір тілшіміз тікелей эфирге қосылып, кеңірек ақпарат беруге дайын. Әсел, сөз кезегі өзіңізде.