Биыл Жаңаөзенде «Шаңырақ», «Шұғыла», «Самал» шағын ауданының 7 тұрғын үйі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мемлекеттік қазынадан бөлінген қаражатты, тұрғындар 7 жыл ішінде қайтарып беруі керек. Дәл осындай күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған Жаңаөзенде 45 көпқабатты баспана бар екен.