"Дала дидары" Маңғыстауда. Қазақстан Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және  өнер орталығының ұжымы әдеби-сазды бағдарламасын көпшілікке ұсынды. Сөз зергерінің өлең-жырлары мен әуезді ән шырқалды. Өнер ордасының көшпелі ұжымы көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлап, елдің ыстық ықыласына бөленді.