Ақтауда 24 мамыр күні алғаш рет еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы универсиада ойындары басталады. Мақсат  - жастар мен жасөспірімдерді спортқа ыңталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастардың белсенділігінің дамуына ықпал ету. Айта кетейік, спорттық жарыс еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұйымдастырылып келеді.