Маңғыстаулық спортшы таеквондодан Әлем чемпионы атанды. Бұл - Олимпиадалық таеквондодан  Маңғыстау спортының тарихындағы алғашқы жеңіс. Босния және Герцеговина мемлекетінде өткен жарыста ел намысын 14 жастағы Бауыржан Исамедин қорғады. Ол әлем біріншілігінде аустралиялық, ирандық, түркиялық,экводорлық спортшылардан басым түсіп, ақтық сында Германияның спортшысын айқын басымдылықпен жеңді.