Ауылға алғаш рет асфальт төселді
Сыңғырлау ауылында 40 жыл бойы күткен жол мәселесі шешімін тапты. Биыл елді мекеннің ішкі көшелеріне алғаш рет асфальт төселіп, жолдар толық жаңартылды. Ал ауыл тұрғыны Өзбекстанмен шекаралас бағыт пен Бейнеу–Бозой–Сексеуіл автожолдарының тоғысқан тұсында демалыс аймағын ашып, жол бойындағы сервистің дамуына үлес қосып отыр.