Денсаулық мәселелері депутаттар бақылауында
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары облыстық көпбейінді аурухананың жұмысымен танысты. Медицина меекемесінің директоры көрсетілетін емдік қызметтер туралы баяндады. Мұнда жүрекке операция, қан тамырлары хирургиясы, эндоваскулярлық емдеу, сияқты күніне 50-ге жуық түрлі операция жасалады. Аурухана сапалы медициналық жабдықтар мн замануаи құрылғылармен жабдықталған. Яғни осы қондырғылардың арқасында науқастардың өмірін сақтап қалмақ. Десе де, шешімін таппаған мәселелерде жоқ емес. Айталық колл- орталықтың жұмысына қатысты сұрақтар әлі ашық күйде.