Ақтаудың 15 ш/а тұрғындары рұқсатсыз салынып жатқан дәмхана құрылысына қарсы. Нысан бой көтерсе, айналаға қоқыс үйіліп, демалу мүмкін болмайды дейді тұрғындар. Ол аздай тамақтану орны  балалар ойын алаңының  жанынан салынып жатыр. Ал, кәсіпкер болса, тұрғындардан құрылысты жүргізуге рұқсат алу былай тұрсын, тіпті оларды ескертпеген.