5 желтоқсан - әлемде түрік кофесінің күні тойланады. Осыған орай Ақтаудағы түрік консулдағы да бұл күнді атап өтті. Мерекеде қаладағы өзге ұлт өкілдері мен ақтаулықтар нағыз түрік кофесінен дәм татты. Олар келген қонақтарға әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы бұршақтармен дайындалатын түрік кофесінің қыр-сырын түсіндірді. 6 ғасырдан астам тарихы бар түрік кофесі әлемде жоғары бағаға ие. 2013 жылы ЮНЕСКО бұл елдің кофесін «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» деп мойындады.