"Заид" қоры 1200 маңғыстаулыққа гуманитарлық көмек берді. Осылайша Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы қор мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады. "Қысқы сөмкелер" атты науқан көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталды.