12 сәуір - ғылым күні. Бүгінде Маңғыстаудың экологиялық мәселелері ғылыми тұрғыда зерттеліп жатыр. Мұны өңірдегі ғалымдар жүзеге асырып жүр. Солардың бірі - Ақмарал Серікбаева. 25 жыл техникалық және инновациялық жобаларды бағалап, ғылыммен айналысып жүрген профессор.