Эвакуацияланған тұрғындарға құқықтық кеңес берілді. Су тасқыны болған өңір тұрғындары басқа қалаға көшкен уақытта кейбірі құжаттарын жоғалтып, енді бірінікі жарамсыз болып қалған. Осы орайда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері эвакуациялық пункттерге барып, кеңес берді.