Төтеншеліктер аймақтағы "Шора" су каналынан екі ер адамды құтқарды. Оқиға 6 маусым күні сағат кешкі 5 жарым шамасында болған. Суға батып кетпек болғандардың екеуі де - 1999 жылы туған. Олар 350 метр қашықтыққа жүзіп барып, кері қарай өз бетімен жағаға жете алмаған. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережесін қатаң түрде сақтауға шақырады. Сонымен қатар тыйым салынған жерлерге шомылмау керегін ескертті. Айта кетейік, биыл 2 адам суға кетті. Оның ішінде 1 бала бар. Мамандар жалпы 4 адамның өмірін сақтап қалды.