Ақтауда Халықаралық "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуының ашылу салтанаты өтті. Амфитеатр алаңына республикамыздың Қарулы күштерінің қолбасшылығы, бауырлас мемлекеттердің делегация басшылары, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары жиналды. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Бас штаб бастығы генерал-лейтенат Сұлтан Камелетдинов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары шараның басталуымен құттықтап, жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Теңіз жағалауында бас қосқан ТМД-ға кіретін бес ел Қарулы күштерінің бөлімшелері жауынгерлік дайындық тапсырмасын орындауға сақадай сай екенін көрсетті. Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның гимні орындалып, мемлекеттік тулары көтерілді.