Енді "Каспий" су тұшыту зауыты тәулігіне 20 мың емес 25 мың текше метр су шығарады. Өйткені, күніне 5 мың текше метр су өндіретін алғашқы қондырғы іске қосылды. Бұл зауытты жаңғырту жобасы аясында пайдалануға берілетін қондырғылардың алғашқысы. Қалғаны  тамыз айының соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосылмақ, Осылайша, зауыт қуаты күзге дейін екі есеге артып, өңірге 40 мың текше метр су беріледі. Айта кетейік, 5 мың текше метр су сенбі күні Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласына бөлінбек.