Өңірде таеквандодан Жас батыр кубогы ашық республикалық турнирі басталды. Биыл 2 ші рет байрағын көтерген дүбірлі додаға Өзбекстан, Әзірбайжан мен еліміздің түпкір-түпкірінен келген 500 ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс 2009-2010 және 2012-2013 жылғы жасөпірімдер арасында өтеді. Спортшылар 46 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Таеквондошылардың шеберлігі мен біліктілігі сыналатын республикалық турнир 2 күнге жалғасады.