Ақтаудағы "Сая" демалыс орталығында тағы бір қайырымдылық шарасы өтті. Облыстағы "Әнші балапан" қоры мен "Art East" жастар ұйымы 80-ге жуық зағип жанды қуантты. Тек Ақтаудан ғана емес, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысына қонақтар шақырылды. Оларға арнап арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.