Ақтаудың 27-шағын ауданында балалар ойын алаңқайы, воркаут және футбол алаңы салынды. Бұл бастама «Халық қатысатын бюджет» аясында жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ 28-шағын аудан №10 үйдің маңында баскетбол және волейбол алаңы бой көтерді. Айта кетейік, биыл қалада аталған бағытта көп дауыс жинаған 10 жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында спорт алаңдары және жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.