Қазірігі таңда елімізде атом электр стансасын салу қоғамда қызу талқылануда. Халық арасында туындаған АЭС-тің қауіпсіздігі, маңыздылығына байланысты облыстық «AMANAT» партиясының өкілдері пікір білдірді. Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың 6-шы қазанда жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасын партия өкілдері бір кісідей қолдайды. Атом электро стансасын салу стратегиялық маңызға ие. Өйткені ол электр энергиясының тұрақты және ауқымды өндірісін қамтамасыз ететіні сөзсіз.