Маңғыстау облысында 300-ге жуық адамды тақырға отырғызған «ыдыс -аяқ сатушы» алаяқтар сотталды. Олар «Қытай зауытынан арзан тауар алып береміз» деп халықтың 2 миллиард 8 миллион теңгесін жымқырған. Екі әйелдің уатсап желісінде топтар ашып, жоқ тауарды жарнамалап жұрттың қаражатын қалтасына басқаны сотта дәлелденіпті.