Ақтауда наурыздың 21-25 күндері Өзбекстан Республикасы өнімдерінің кезекті көрме-жәрмеңкесі өтеді. «Made in Uzbekistan» көрмесінде тұтынушылар өзбек кәсіпкерлері ұсынған жеміс, көкіністері, сүт және консервіленген өнімдерін, тоқыма бұйымдары, сондай-ақ құрылыс материалдары, жиһаз, электротехника, кілемдер мен кәдесыйларды сатып ала алады. Жәрмеңке «Caspian Oil City» орталығында өтеді.