Аймақ басшысы Түркияның жетекші құрылыс компанияларының бірі саналатын YDA Group компаниясының бас директоры Эмрах Эрченмен кездесті. Олар өңірде өндірістік жобаларды жүзеге асыру, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және құрылыс саласындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. YDA Group құрамындағы «ATM Construction & Investment» компаниясының өндірістік мүмкіндіктері таныстырылды.