Қарақия ауданында көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде Құрық аулындағы бірқатар ескі тұрғын үйлердің қасбеті жаңартылып, сыртқы келбеті заманауи талаптарға сай ретке келтірілді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, елді мекеннің көркін арттыруға ықпал етуде.