Домбыра — қазақтың жаны, тарихы мен тағдыры. Мұрын жырау Сеңгірбекұлының мұражай - үйі үшін бұл аспаптың орны тіпті бөлек. Музейіміздің төрінде ХІХ–ХХ ғасырлардағы ақын- жыраулар мен күйшілердің үнін бүгінге жеткізген, ноғайлы дәуірінен қалған «Қырымның қырық батыры» жырының тікелей куәгерлері болған бірегей жәдігерлер сақтаулы. Көрме экспозициясынан ерекше орын алатын бұл жәдігер өңірдегі күйшілік пен жыршылық өнердің куәгері. Бұл аспаптар тек тарихымен ғана емес, жасалу үлгісімен де құнды. 

Қара домбыраның күмбірі әр шаңыраққа құт-береке әкелсін! Ұлттық рухымыз асқақ, домбырамыздың үні мәңгілік болсын!