Ақтаудағы Каспий теңізінің шомылуға жабдықталмаған жағалауында екі адам суға батып көз жұмды. Қайғылы оқиға 6 шілде күні қала сыртындағы демалыс орындары маңындағы теңіз жағалауында тіркелген. 1984 жылы туған ер адам арнайы жабдықталмаған орында шомылу кезінде суға батып кеткен. Оның денесін куәгерлер судан шығарып алған. Арада көп уақыт өтпей, аумақта тағы бір қайғылы жағдай тіркелді.