Ақтау жағалауынан тағы да Каспий итбалықтарының өлекселері табылды. Сирек кездесетін теңіз жануарларының қырылуы тұрғындар мен экологтардың алаңдаушылығын күшейтіп отыр. Маңғыстау облыстық Экология департаментінің мәліметінше, итбалықтардың өлекселері 3-ші шілде күні Ақтау жағажайларынан анықталған. Мамандар оқиға орнына барып, теңіз суынан сынама алған.