Ақжігіт ауылдық мәдениет үйі 1978 жылдан бері ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде бұл мекеме ауылдың мәдени-рухани өміріндегі маңызды орталықтардың біріне айналған. Мұнда би, сурет салу, домбыра және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша жұмыс істейтін 9 үйірме бар.