Маңғыстау өңірінде қоғамдық көліктер енді жолаушыларды діттеген жеріне жеткізіп қана қоймай, рухани танымын да байыта бастады. «Тіл және тұлға» жобасы аясында автобустарда қазақ халқының көрнекті тұлғаларының өмірі мен өнегелі еңбегі туралы қысқаша аудио-ақпараттар беріліп жатыр.