Ел тыныштығын күзету - әрбір әскери қызметшінің қасиетті борышы. Осы жолда абыройлы қызмет етіп жүрген жас офицерлердің бірі - аға лейтенант Сағи Қызайбек. Алматы облысының тумасы әскери білім жолын Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінде бастап, Құрлық әскерлері әскери институтында жалғастырды.