МАЭК жылу электр орталығының №1 энергия блогына жөндеу жасалып жатыр. Негізгі жұмыстарды шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Кәсіпорынның алдағы жылыту маусымына дайындығын Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өңірге жұмыс сапары барысында көрді.