Жаңаөзенде қалалық зағиптар қоғамының өнерлі мүшелері «Жүрек нұры» атты концерттік кеш ұйымдастырды. Қалалық ардагерлер үйінде өткен шарада қатысушылар ән шырқап, күй орындап, сахналық қойылымдар арқылы өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Концертке ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысып, өнерпаздарға қолдау білдірді.