Халықаралық шахмат күніне орай Жаңаөзендегі Оқушылар шығармашылық үйінің шахмат үйірмесінде ашық сабақ ұйымдастырылды. Жас шахматшылар жазғы демалыста да жаттығуын жалғастырып, ойлау қабілеті мен стратегиялық шеберлігін шыңдап жүр. Үйірмеде алты жастан бастап балалар тегін білім алып, түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындалады.