Қазақстанда жеке деректері тарап кеткен азаматтарға енді міндетті түрде хабарлама жіберіледі. Бұл талап дербес деректерді қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулер аясында енгізілмек. Заң жобасына сәйкес, жеке деректердің қауіпсіздігі бұзылған жағдайда уәкілетті орган мен деректер операторы азаматтарды дер кезінде хабардар етуге міндетті болады.