Ақтаудағы «Бірлік» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бір аптадан бері газсыз отыр. 180 пәтерлі үйдің тұрғындары алты күннен бері тұрмыстық газды пайдалана алмай, күнделікті тіршіліктің қиындағанын айтады. Үш мезгіл ас-суын әр жердегі кафеден ішіп әлек. Жауаптыларға шағым жеткенімен мәселе әлі күнге дейін шешімін таппапты.