Өңірдегі автогаз тапшылығы мен газ құю бекеттеріндегі ұзын - сонар кезек тамыз айында реттеледі. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Маңғыстауда тіркелген 185 мыңнан астам көліктің 103 мыңы автогазбен жүреді. Бұған қоса, өңірге кіретін 22 мыңнан астам транзиттік көліктің басым бөлігі де газ отынын тұтынады.