Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында білімді жастарды қолдауға бағытталған игі шара өтті. «Ел болашағы - білімді ұрпақ» атты жиында ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсеткен және білім ордасын алтын белгіге аяқтаған үздік түлектер марапатталды. Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің өкілдері жас түлектерге ақ жол тілеп, білімнің маңыздылығын атап өтті.