Жаңаөзен қаласындағы 5548 әскери бөлімінде кезекті әскерге шақырылған жас сарбаздардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Елдің әр өңірінен келген ұландықтар Отан мен халыққа адал қызмет етуге серт берді. Салтанатты жиынға қала басшылығы, әскери бөлім командирі мен сарбаздардың туған-туыстары қатысып, жас жауынгерлерге ақжарма тілектерін арнады.