Маңғыстауға айлант ағашын егуді тоқтату керек. Маңғыстаулық қоғам белсендісі Уайыс Ерсайынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп дабыл қақты. Айтуынша, Айлант - нағыз агрессивті, қауіпті инвазивті ағаш. Тамыры өте тереңге тез жайылады. Асфальтты жарып, үйлердің іргетасын сөгіп, құдықтар мен су құбырларын бұзып жіберуі де мүмкін екенін жазды. Бұл жазбадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары ағаштарды жаппай кесіп жатқан бейнежазбалар тарай бастады.