Ауылдарда өндіріс пен инфрақұрылым дамуда
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барды. Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдық округтеріндегі бірнеше жобаның жұмысымен танысты. Бірінде балаларға арналған отандық өнім өндіріліп жатса, енді бірінде ауыл жастарына арналған су жаңа жеке меншік спорт кешені бой көтерген.