30 балаға мектепке дайындалуға көмек көрсетілді
Ақтауда 30 балаға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсетілді. Достық үйінде өткен шарада ата-аналарға мектепке қажетті оқу құралдарын алуға арналған ақшалай сертификаттар табысталды. Бастаманың мақсаты - аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету. Осылайша ата-аналардың мектепке дайындық кезінде түсетін қаржылық жүгін жеңілдету көзделген.