Көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды
Ақтауда көркем гимнастикадан «Shagala - 2026» халықаралық турнирі басталды. Осы жылы 10-шы рет жалауын көтерген жарыста 300-ден астам спортшы бақ сынайды. Гимнастшылар Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мен еліміздің бірнеше қаласынан келген.